17 мамырда Бишімбаев ісі бойынша алқа билерге 200 миллион теңге пара бермек болған әйел ұсталған. Бұл туралы Ермұхамед Ертісбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ертісбаевтың сөзінше, ұсталған әйел Айтбек Амангелдінің сұхбаттарының бірінде сөз болған. Айтбек Амангелді айтып отырған әйел былтыр қазанда Бишімбаев бала қағып өлтіргенін айтқан.
Ертісбаев бұл жалған ақпарат екенін, ІІМ бұл ақпаратты ресми жоққа шығарғанын айтады.
Ал ұсталған әйел Бишімбаевтың үйіне дейін келген көрінеді. Бишімбаевтар Антикорға арыз жазған. Антикор ол әйелді ұстаған.
«Менің дереккөздерімнің мәліметінше, ұсталған әйел тергеуде ешқандай ақпарат бермей, оның артында дөкейлер тұрғанын айтады. Сондықтан Бишімбаевқа қатысты сот әлі аяқталған жоқ. Алда әлі күтпеген жайттар болады. Егер ол ақша соттың шешіміне әсер етуге арналған болса алқабилердің шешіміне күмән келуі мүмкін. Бұл тек болжам. Антикордың бұл іс бойынша ресми жауабын күту керек», - дейді Ертісбаев.