Ал аталған индикатор көрсеткішін 2025 жылға дейін 99,5%-ға арттыру көзделген.
– 2021 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 2070,9 шақырым жол мен көшелер қамтылды. Ал «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 2021 жылы 326,5 шақырым көше пайдалануға берілді. 2022 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 1349,2 шақырым жол мен көшелерді қамту жоспарлануда. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында – 410 көпір орналасқан. Аталған көпірлердің 381 данасы жақсы және қанағатты жағдайда болса, 29 көпір жөндеуді қажет етеді, – деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, Түркістан облысында жалпы 349 тұрақты бағыт бойынша 1 264 қоғамдық көлік қызмет көрсетеді. Облыста 2021 жылы 110 қоғамдық көлік жаңартылды.
Ал Түркістан халықаралық әуежайы арқылы 2 халықаралық (Стамбул, Ташкент) және 10 республикаішілік әуе рейстері қатынауда. 2021 жылы әуежай арқылы 298 мың жолаушы тасымалданған. Одан бөлек, 2021 жылы жалпы 192 чартерлік рейстермен 835 адам тасымалданған.