Биыл жұмыссыздар мемлекеттен көмекті қалай ала алады?

Сағыныш Сардарова 21 қаң. 2026 09:34

Қазақстанда 354 мыңнан аса адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тен төлем алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Төлемдердің жалпы сомасы 130,4 млрд теңге болды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмысынан босатылған адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем алады. Төлем бұған дейінгі кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Төлем тағайындау үшін жұмысынан босатылған адамға:

  • eGov.kz порталында авторизациялану;
  • "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;
  • онлайн қызметке тапсырыс беріп, барлық жолды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінішті жіберу қажет;
  • бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы (бұдан әрі – МО) бос жұмыс орындарын ұсынады;
  • жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);

Бұл қызметті онлайн режимде электрон еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove