Биыл Жетісуға 2 миллионнан астам турист келді

Dalanews 19 қар. 2019 10:12 866

Жетісу өлкесінің аумағында туристік тұрғыда қызығушылық тудыратын 162 жер бар, оларға биылғы жылы екі миллионнан астам турист келген.

Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласында 10 айдың даму қорытындылары туралы өткізген брифингісінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов алға тартты.

– Біздің «Инфрақұрылым-Инвестициялар-Маркетинг» атты табыс формуламыз соңғы бес жылда туристер легі өсімін 2,5 есеге, ақылы қызметтер көлемін – 3,5 есеге, орналастыру нысандарын 1,5 есеге өсіруді қамтамасыз етті, 40 млрд теңге жеке инвестициялар тартылды, – деді А. Баталов.


Баяндамада өңірдегі көз тартатын жерлер ретінде Алакөл көлі (1,3 млн адам), тау кластері нысандары (650 мың адам), соның ішінде Қапшағай су қоймасы (340 мың адам), Көлсай мен Қайыңды көлдері (80 мың адам), ыстық су көздері (72 мың адам), Шарын шатқалы (20 мың адам) және «Алтынемел» ұлттық паркі (18 мың адам) атап өтілді.

8 мың нысан туралы ақпарат және олардың геолокациясы жүктелген.Өңірлік сайт жасалып, табысты жұмыс істеуде (www.zhetysu.travel).

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар