Биыл Алматыда жылу жылдағыдан ерте беріледі

Көркем Алдабергенова 07 қаз. 2025 11:36

Алматыда жылыту маусымы мерзімінен бұрын басталады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, бұған ауа райының күрт суып кетуі себеп болған.

8 қазаннан бастап жылу алдымен әлеуметтік нысандарға – балабақшаларға, мектептерге және медициналық мекемелерге беріледі.

Ал 10 қазаннан бастап тұрғын үйлерді жылыту жүйесіне қосу жұмыстары басталады.

Еске салайық, бұған дейін батыс аймақтарда жылу қашан беріле бастайтынын хабарлаған едік. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар