Бүгін Сенат депуаттарының сайлауы өтеді

Dalanews 12 там. 2020 04:03 246

Бүгін, яғни, 12 тамызда еліміздің барлық өңірлерінде, сондай-ақ
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында ҚР Парламенті Сенатының 17 депутатының сайлауы өтеді.


Парламент Сенатының депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдаушылар – мәслихаттардың депутаттары болып табылатын ел азаматтары сайлайды.

Сенат депутаттарының сайлауы еліміздің барлық өңірлерінде (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) сағат 11.00-де басталатын таңдаушылардың бірлескен отырыстарында өткізіледі.

Парламент Сенатындағы 17 орынға 46 кандидат үміткер болып отыр.

Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3069 мәслихат депутаты енгізілген.

Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында дауыс беру күні онлайн бақылау сервистері жұмыс істейтін болады:

- таңдаушыларды тіркеу (астана уақыты бойынша сағат 10.00-11.00) https://election.gov.kz/kaz/erv_diagrams/diagram.php;

- дауыс берудің алдын ала қорытындысын шығару https://election.gov.kz/kaz/erv_diagrams/preliminary_results.php.

Сайлау күнінің барысы туралы ақпарат ҚР ОСК телеграм-каналында жарияланатын болады - https://t.me/electionelection.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар