Жедел жәрдем қызметкерін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевқа үкім қашан шығатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бүгін Қарағанды қаласында онлайн-трансляция арқылы Нұрболат Дакебаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.
Сотталушының соңғы сөзінен кейін сот кеңесу бөлмесіне кетті.
Үкімнің жариялануы бүгін, 23 тамызға сағат 17.00-ге белгіленді.
Еске салайық, 27 қаңтар күні түнде шақыртумен бір жасар балаға келген жедел жәрдем жүргізушісі мен күдіктінің арасында жанжал туған. Арты төбелеске ұласып, жедел жәрдем қызметкері Төреғали Берікқалиұлы оңбай таяқ жеген болатын. Кейін күдікті бой тасалап, бір аптадан кейін Қарағанды облысындағы қыстақтардың бірінен табылды.
Алғашында жәбірленуші Нұрболат Дәкебаевты кешіргенін айтқан. Бірақ сотта ол ойынан айнып, бес миллион теңге материалдық шығын талап етті. Оның үстіне қосымша медициналық сараптамадан өтіп, денсаулығына орта деңгеде зиян келгенін растаған. Сондықтан оның қорғаушылары бұзақылыққа тағы бір бап қосуды сұрады.