"Бүгін бәрі аяқталды": Біржан Хасанғалиев маңызды мәлімдеме жасады

"Бүгін бәрі аяқталды": Біржан Хасанғалиев маңызды мәлімдеме жасады
Біржан Хасанғалиев. Фото: ашық дереккөзден

Біржан Хасанғалиев Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымының басшысы ретіндегі көпжылдық қызметін аяқтағанын хабарлады, деп жазады dalanews.kz.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, еңбек жолындағы маңызды кезеңге тоқталды.

"Құрметті достар! Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымының басшысы ретіндегі көпжылдық қызметім аяқталды. Бұл өмірімдегі өте қызықты, есте қаларлық және ең бастысы, маңызды кезең болды. Көптеген іс атқардым және сол еңбегімнен зор ләззат алдым", – деп жазды ол.

Біржан Хасанғалиев ұзақ жылдар бойы еліміздегі жетекші білім беру ұйымдарының бірқатарын басқарғанын атап өтті. Оның сөзінше, ол П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне жетекшілік еткен. Сондай-ақ белгілі бір кезеңде Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжін де басқарған.

"Ұзақ жылдар бойы еліміздің жетекші оқу орындары – П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжін, сондай-ақ аз уақыт Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжін басқарғаныма қуаныштымын. Бұл кезең менің жадымда мәңгі сақталады", – деді Біржан Хасанғалиев.

Ол атқарған қызметін өміріндегі маңызды әрі есте қаларлық кезеңдердің бірі ретінде бағалады.