Бүгін ауа райы қандай болады? 29 шілдеге арналған болжам

Бүгін ауа райы қандай болады? 29 шілдеге арналған болжам
Фото: unsplash

29 шілдеде Қазақстанның барлық облысы мен Астана қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжауынша, елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, тұман түсуі мүмкін. Ал оңтүстік пен батыста аптап ыстық сақталып, ауа температурасы кей өңірлерде +42 градусқа дейін көтеріледі. Сонымен қатар еліміздің басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Астанада күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстіктен соққан желдің екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді.

Ақмола облысында жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың батысында ауа температурасы +36 градусқа дейін көтеріліп, төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ болып, желдің екпіні кей жерлерде 25 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Күндіз ауа температурасы +35 градусқа дейін жетеді.

Қостанай облысында батыс және солтүстік аудандарда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз +35…+38 градусқа дейін ыстық болады. Облыстың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Шығыс бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында солтүстік және шығыс аудандарда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Батысында +35 градусқа дейін ыстық болады, ал шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында күндіз +35 градусқа дейін қатты ыстық, батысында +40 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі. Оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр мен бұршақ болжанып отыр. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірдің оңтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Желдің екпіні күндіз 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында тау бөктерінде жаңбыр мен найзағай болады. Таулы аймақтарда жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз +35 градусқа дейін ыстық сақталып, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Алматы қаласында төтенше өрт қаупі сақталады. Қаланың таулы бөліктерінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жетісу облысында таулы аудандарда жаңбыр мен найзағай болады. Шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз +35 градусқа дейін ыстық болып, өңірдің бірнеше ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында батыс және солтүстік аудандарда шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні тау асуларында 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы +40…+41 градусқа дейін көтеріліп, төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында күндіз шаңды дауыл болып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы +40…+42 градусқа дейін көтеріліп, төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың бірнеше ауданында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында батыс және солтүстік аудандарда жаңбыр мен найзағай болады. Желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшейеді. Атырау қаласында ауа температурасы +40…+42 градусқа дейін жетіп, төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында солтүстік және орталық аудандарда шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы +35…+38 градусқа дейін көтеріліп, өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.