"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы Батыс Қазақстан облысында өз жұмысын Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау станциясында аяқтайды.
"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау станциясында екі күндік жұмысын жүргізуде.
Дәл осы Шыңғырлау ауданында біздің өңірдегі пойыздың жұмысы аяқталады. Бүгінде Шыңғырлау ауданы аумағында 14000-ға жуық адам тұрады. Пойыз ұжымы барлық мұқтаж жандарға медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік көмек көрсетуде.
Бұл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және "Самұрық-Қазына"АҚ жобасының қолдауының арқасында мүмкін болды. Шыңғырлау станциясында білікті мамандар тобы 2 күн болады.
Дәстүр бойынша пойыз жұмысы салтанатты ашылудан басталды. Содан кейін аудан орталығының тұрғындары алғашқы тексеруге және қажетті көмек көрсетуге арналған заманауи жабдықтармен жабдықталған медициналық вагондарға беттеді. 500-ден астам ауыл тұрғыны бірінші күні ғана жедел көмек алды.
"Назар,қамқорлық,қызығушылық,жоғары біліктілік,мейірімділік",-оларды қабылдаған мамандарды аудан тұрғындары осылай сипаттауда.
Жұмыс күні аяқталғаннан кейін медициналық поезд ұжымы,тұрғындар және жергілікті атқарушы орган өкілдері пікір алмасу үшін тағы бас қосты.
Батыс Қазақстан облысының 5 ауданы: Бәйтерек, Бөрлі, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау ауданы тұрғындарына 15 күн бойы көмек көрсеткендерге алғыс білдіру үшін қайта кездесті. Жиналғандарға алғыс сөзбен Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары Миржан Нұртазиев, Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Людмила Щукина, «Самұрық –Қазына» АҚ өкілі Асқар Өмірбай, мәслихат депутаты, "Аманат" партиясы аудандық филиалының төрағасы Азамат Тағаниязов, облыс әкімі аппаратының, Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Татьяна Рогозина,Шыңғырлау ауданының орталық аудандық аурухана директорының м.а.Алтынзер Бекжановалар сөйледі.
Өңірдің барлық тұрғындарына медициналық пойыздың бас дәрігері Айнұр Егінбаева сөз сөйлеп, денсаулық тіледі.Кездесу жылы атмосферада өтті.Соңында барлық қатысушылар үшін музыкалық нөмірлер тарту етілді.