БҚО-да университет ректоры ұсталды

БҚО-да университет ректоры ұсталды
Уральская неделя.

Батыс Қазақстан облысындағы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры Нұрлан Серғалиев ұсталды. Бұл туралы облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, заңгер Бауыржан Ахметжан мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Заңгердің айтуынша, бүгін университет ректоры лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған. Қазіргі уақытта оның жұмыс кабинетінде және тұрғылықты жерінде тінту жүргізіліп жатыр.

«Университет қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры Нұрлан Серғалиев лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды. Жұмыс орнында тінту жүргізілуде», – деп жазды Бауыржан Ахметжан Facebook парақшасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыстық істі Батыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеп жатыр.

Нұрлан Серғалиев облыстық мәслихаттың депутаты болып табылады.

Ресми түрде расталмаған ақпаратқа сәйкес, тергеу университетке ғылымды дамытуға бөлінген мемлекеттік қаражатты жымқыру күдігіне байланысты жүргізіліп жатыр.

Әзірге құқық қорғау органдары бұл ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.