БҚО-дағы полиция полковнигінің ұлы есірткі ісі бойынша Жоғарғы сотқа шағымданды

БҚО-дағы полиция полковнигінің ұлы есірткі ісі бойынша Жоғарғы сотқа шағымданды
Фото: minsknews.by
Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті басшысының орынбасары, полковник Талғат Арыновтың ұлы Нұржан Арыновтың ісі Жоғарғы соттың кассациялық инстанциясына жетті. Ол синтетикалық есірткі заттар...

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті басшысының орынбасары, полковник Талғат Арыновтың ұлы Нұржан Арыновтың ісі Жоғарғы соттың кассациялық инстанциясына жетті. Ол синтетикалық есірткі заттарын таратқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

26 жастағы Нұржан Арыновтың атышулы ісі 2024 жылдың мамырында басталды. Ол кезде қылмыстық іс бойынша сот алқасы оны кінәсіз деп танып, ақтау үкімін шығарған болатын.

Алайда, бұл шешім қоғамда үлкен резонанс тудырып, көпшіліктің наразылығына ұшырады.

Қоғамдық пікірдің ықпалымен алғашқы ақтау үкімі жойылып, қазан айында БҚО-ның қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты Нұржан Арыновқа қатысты айыптау үкімін шығарды. Сот оны синтетикалық есірткіні заңсыз таратты деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Қазіргі уақытта Арыновтың қорғаушылары бұл үкіммен келіспей, Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсірді. Олар істі әділ қарауды және үкімнің күшін жоюды талап етіп отыр.