Батыс Қазақстан облысында аңшылық кезінде ер адам абайсызда танысын атып өлтірді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Тергеу материалдарына сәйкес, екі таныс далада аң аулап жүрген. Бірнеше қоян атқаннан кейін олардың бірі мылтығын тазаламақ болған сәтте абайсызда шүріппені басып жіберген.
Атылған оқ қасында тұрған танысының іш тұсына тиіп, ер адам оқиға орнында көз жұмған.
Тергеу барысында қайғылы жағдайдың қарумен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзудан болғаны анықталды. Сот атқан азаматты абайсызда адам өліміне әкеп соқтырғаны үшін кінәлі деп таныды.
Үкім шығару кезінде сот айыпталушының кінәсін толық мойындағанын, жасаған ісіне өкініш білдіргенін және кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескерді. Нәтижесінде оған пробациялық бақылаумен 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.