БҚО Бәйтерек ауданындағы «Саламатты Қазақстан»

Жарбол Кентұлы 04 шіл. 2024 17:57 3527

«Саламатты Қазақстан» әлеуметтік жобасын Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен, «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп табысты іске асыруда және еліміздің барлық өңірлерін қамтиды.

Бүгін 4 шілдеде медициналық пойыз өз жұмысын Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының «Переметная» станциясында жалғастырды. Бұл елді мекенде шамамен 7000 мың адам тұрады.
Медициналық пойыз жұмысының ашылуында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов Бәйтерек ауданының тұрғындарын осы жақсы жаңалықпен құттықтады.

БҚО әкімінің орынбасары өңір басшысы Н.Төреғалиевтың атынан медпойыз ұжымына алғысын білдіріп, олардың одан әрі қызметіне табыс тіледі.

- Ұлттың денсаулығы әрдайым мемлекеттің басты назарында. «Дені сау ұлт – бақытты ұлт», «Денсаулық – бас байлық» деп айтқан дана халқымыз денсаулықты бағалай білген. Сондықтан, «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздың маңызы өте зор, әсіресе шалғай ауыл тұрғындар арасында.

Бұл азаматтарымыздың денсаулығы мен әл-ауқатын нығайту жолындағы маңызды қадам болатынына сенімдіміз. Баршаларыңыз дәрігерлер арқылы денсаулықтарыңызды түзетіп, сауығып кетуіңізге тілектеспін!

Батыс Қазақстан облысы әкімі Н.Т.Төреғалиевтың атынан Президент жанындағы Әйелдер және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясына, Денсаулық сақтау министрлігімен «Самұрық-Қазына» қорына алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер! Арнайы ризашылығымызды «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының ұжымына және бас дәрігері Айнұр Құдайбергенқызына білдіреміз! Халықтың алғысы мен батасын алып, еліміздін дамуына үлес қосып жүреберіңіздер!, - деді Б.Нарымбетов.


Медициналық пойыздың бас дәрігері А.Егінбаева тегін медициналық, құқықтық, медиативтік, психологиялық және басқа да көмек көрсету мақсатында өңірге келген қызметтер спектріне және білікті мамандарға назар аударды.
«Саламатты Қазақстан» пойызы шалғайдағы ауыл тұрғындарына қажетті медициналық көмек көрсете отырып, бүкіл ел бойынша саяхаттайды.

Пойыздың құрамында жоғары білікті мамандар жұмыс атқарып келеді - терапевт, хирург, травматолог, уролог, невропатолог, ЛОР, акушер-гинеколог, стоматолог және медиатор мен заңгер өңірдің 5 ауданының 9 станциясында қызмет көрсетеді.


Сонымен қатар, іс-шараға БҚО Бәйтерек ауданы әкімі М.Тоқжанов, БҚО әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Т.Рогозина, Бәйтерек ауданының құрметті азаматы Ғ.Қапақов, БҚО Қоғамдық даму басқармасының басшысы Г.Шөкеева, БҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Г.Абдрахманова, ауыл тұрғындары және басқалар қатысты.
Әрі қарай шараға қатысушылар медициналық пойыздың жұмысымен танысты.


Медициналық поезд 2024 жылдың 4-5 шілде күндері аралығында сағат 09:00 ден бастап 18:00 ге дейін аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар