Дәл осыған ұқсас құжат Палаталар өкілнің спикері Нэнси Пелосиге де жолданғанын айта кетуіміз керек. Десекте қандайда бір мемлекетті терроризмді қолдаушы ел деп тану ісі АҚШ Мемлекеттің департаментінің құзіретіндегі шаруа екені белгілі.
Ресейді терроризмді қолдаушы ел деп тану ісіне АҚШ Сенатының араласуынан кейін Джо Байден әкімшілігіне бұл істі тездетіп бір жағына шығаруы мүмкін.
Бұған дейін АҚШ билігі Куба, Солтүстік Корея, Иран мен Сирияны террорзмді қолдаушы елдер деп таныған болатын.
«Ресей қарулы күштері Укрианаға басып кіргелі бері бейбіт тұрғындарды өлтіріп, қылмыстарының ізін жасыру үшін адамдарды жаппай көміп тастаған» делінген АҚШ Сенатына келіп түскен құжатта.
Бұған дейін АҚШ-тың Палаталар өкілінің Спикрі Нэнси Пелоси Ресейді терроризмді қолдаушы ел деп тану керектігін, егер мұны Мемлекеттік департамент істемесе, Конгресс іске асыратынын айтқан еді.
Енді АҚШ-тың билік тармақтары Ресейді терроризмді қолдаушы ел ретінде тану ісіне мүдделі болып отыр. Демек алдағы күндері Ресейге жаңа атаққа ие болуы мүмкін.