Астанада блогер Ерболат Жанәбіловтің жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты сот басталды,- деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ол сотқа адвокаттары – ерлі-зайыпты Олег және Анна Черновтармен бірге келді. Іс әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралады.
Даудың тарихы
Жанәбіловтер бұған дейін Instagram парақшасында 11 көлікті ұтысқа тігетінін жариялаған еді. Шарттары да қарапайым көрінген, жазбаны репост жасау жеткілікті болатын. Алайда 21 тамызда жұрт күткен тікелей эфирдің орнына оқырмандарға құны 30 мың теңге тұратын Zhana Business ақылы курсының сілтемесі ұсынылған. Сөйтіп конкурсқа тек курсты сатып алғандар қатыса алатыны белгілі болған.
Бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушылары арасында үлкен наразылық тудырды. Ақыры шуға айналған мәселе сотқа дейін жетті.