– Біздер Финландия мен Швецияның НАТО-ға мүше болуын қолдап дауыс бере алмаймыз. Өйткені қос мемлекет жылдар бойы күрдтердің террористік ұйымын қолдап келгенін білеміз. Сондықтан біздер лаңкестік ұйымдарды қолдаушылардың НАТО-ға мүше болуына қарсымыз. Сондықтан Фниландия мен Швеция бізге ренжімесін, – деп Ердоған қысқа қайырды.
Ресейдің Украинаға қарсы жасаған агрессиясынан кейін Фниландия мен Швеция НАТО-ға мүше болуға талпына бастаған болатын. Бірақ екі ел осыған дейін Түркияда террористік ұйым ретінде танылып келген күрдтердің ұйымын қолдап келген-ді.
Фниландия мен Швецияның осы әрекеті өздеріне таяқ болып тиетінін ескермегені анық. Екі елдің НАТО-ға мүше болуына Түркия қарсы дауыс берсе, олар ұйымға мүше бола алмайды.
Қонаев парақшасына жазылыңыз
Естеріңізге сала кетеміз, Түркия әскери әлеуеті жағынан НАТО-ға мүше АҚШ-тан кейінгі екінші ел. Сондықтан НАТО-да Түркияның өзіндік орыны бар.