Біздің №1

Dalanews 28 қар. 2019 08:39 672

Семей қаласында дәл осындай атаумен Тұңғыш Президент күніне арналған XIX жастар форумы өтті.

Екі күнге ұласқан форумға еліміздегі белсенді жастар ұйымдарының жетекшілері, облыстық, қалалық және аудандық жастар ресурстық орталықтарының өкілдері, SMM бөлімдерінің директорлары мен қызметкерлері, жастар мәслихаттарының хатшылары мен депутаттары, жас кәсіпкерлер, жас отбасылар, еріктілер мен белсенді жастар қатысты.

Шара барысында қатысушылар арнап аймақтық жастар ұйымдарының жұмыс нәтижесін жақсарту үшін  SMM бойынша семинар-тренингтер де өткізілді.




Шараға қатысқан меймандар бұдан бөлек "Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент" кітап көрмесін тамашалады.

Ең негізгі шара 28 қараша күні қалалық «Абай» атындағы театрда өтеді.

Шарада Елбасының ел дамуына қосқан үлесі сөз болып, жастар елдің бүгіні мен ертеңіне қатысты өз ойларын ортаға салады.



Форум шеңберінде  "Жылдың жас көшбасшысы", "Жылдың студент көшбасшысы", "Жас кәсіби маман", "Жылдың жас журналисі", "Жылдың жастар акциясы", "Жас отбасы" аталымдары бойынша мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар