Бишімбаевтың ата-анасымен болған сұхбат YouTube-тен жоғалып кетті

Бишімбаевтың ата-анасымен болған сұхбат YouTube-тен жоғалып кетті
Жоғарғы сот

Екі жыл бұрын Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі өтіп жатқан кезде ресейлік блогер, психолог әрі коуч Наталья Грейс сот отырысына қатысқан еді, деп dalanews.kz тілшісі kznews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кейін оның YouTube арнасында Бишімбаевтың ата-анасымен сұхбат жарияланды. Әңгіме барысында олар оқиғаға қатысты өз ұстанымын айтып, ұлының мінезі, өмірі және марқұм Салтанат Нүкеновамен қарым-қатынасы туралы пікір білдірген.

Бұл сұхбат көпшілік арасында қызу талқыланды. Әлеуметтік желі қолданушыларының бір бөлігі оны Бишімбаевты ақтауға тырысқан материал ретінде қабылдаса, енді бірі ата-ананың өз көзқарасын айтуға құқығы бар екенін жазды.

Қазір аталған сұхбат Наталья Грейстің YouTube арнасында қолжетімсіз болып тұр. Бұған дейін тараған сілтемелер арқылы өткенде, видеоны көру мүмкін емес немесе оның қолжетімділігі шектелгені байқалады.

Әзірге сұхбаттың не себепті жабылғаны немесе өшірілгені ресми түрде айтылған жоқ. Дегенмен видеоны толық немесе үзінді түрінде басқа YouTube арналары мен әлеуметтік желілерден әлі де кездестіруге болады.