Қалалық санитарлық эпидемиологиялық бақылау қызметінің мәлімдеуінше, қала тұрғындары тарапынан мешіттердегі дауыс күшейткіш арқылы оқылатын азанның дауысына шағымдар көбейген. Мүфтидің орынбасары Әкімжан Эргешов Азаттық радиосына Қырғызстанның мұсылмандары діни басқармасы бұл мәселені талқылайды деді.
– Біз санитарлық эпидемиологиялық бақылау қызметіне қалада тәртіпті сақтаймыз деп уәде етті. Біз мұны жүзеге асырудың жолдарын қарастырып жатырмыз. Мешіт қызметкерлерімен сөйлестік. Түнде азан шақырар кезде дауыс күшейткішті бәсеңдететін болады. Бірақ тыйым салынбайды. Себебі азанның дауысын күтетін адамдар көп, – дейді Эргешов.
Санэпидембақылау талаптың орындалуын қадағалайтындарын айтады.
Шариғат заңы бойынша, мешіттерде күніне бес рет намаз оқылар алдында азан шақырылуы керек. Үш рет күндіз, бір рет кешкі сағат ондар шамасында және бір рет таңғы төрттер шамасында мешіттерде азан оқылады.
"ҚмД" ақпарат