Қазақстан азаматы Бішкекте балалар саудасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін сотталды, деп хабарлайды Dala News.
«2026 жылғы 12 наурызда Бішкек қаласының Первомай аудандық сотының үкімімен айыпталушылар кінәлі деп танылып, ҚР азаматы „А.А.“ 12 жылға, Қырғызстан азаматы „С.С.“ 11 жылға бас бостандығынан айырылды, мүлкі тәркіленді», – делінген ҰҚК ресми хабарламасында.
ҰҚК мәліметінше, 2024 жылдың қыркүйегінде кәмелетке толмағандарды Қазақстаннан заңсыз әкету арнасының жолы кесілген.
Күдіктілер шетелдік азаматпен сөз байласып, ақша үшін балаларды беріп отырған.
Сондай-ақ балаларға қатысты заңсыз әрекеттер жасалып, олар мессенджерлер арқылы таратылғаны анықталған.
Іс фигуранттары ұсталып, тергеу изоляторына қамалған.
ҰҚК мұндай қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
