“Бірнеше адамды алдап соққан”. "Құлагер" хоккей клубының басшысы ұсталды

Қаракөз Амантай 06 қаз. 2025 14:13

"Құлагер" хоккей клубының басшысы Сергей Филь Қарағанды қаласында қолға түсті. Ол бұған дейін бірнеше адамды алдап, алаяқтық жасады деген күдікпен іздеуде болған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, 45 жастағы Астана тұрғыны екі және одан да көп азаматқа қатысты қаржылық алаяқтық әрекеттер жасаған деген күдікке ілінген.

"Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", — деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Тергеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жалғасып жатыр. Сондықтан өзге дерек әзірге жария етілмейді.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Құлагер" клубының жетекшісі 24 қыркүйектен бастап хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарланған еді. Кейін бірнеше хоккейші полицияға арыз түсіріп, Сергей Фильдің алаяқтық іс-әрекеттеріне қатысты шағымданған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар