Бір тәулікте 55 орман өрті тіркелді

Бір тәулікте 55 орман өрті тіркелді
ЖИ/Экология министрлігі

20 шілдеде мемлекеттік орман қоры аумағында 55 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Өрттердің ең көбі "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында тіркеліп, онда 41 өрт ошағы анықталды. "Ертіс орманы" МОТР аумағында 9 орман өрті, Шығыс Қазақстан облысында 3 орман өрті, "Наурызым" мемлекеттік табиғи қорығында және "Баянауыл" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде бір-бірден тіркелді.

"Өрттердің негізгі себебі - найзағай. Бір мезгілде көптеген өрт ошағы пайда болғанына қарамастан, орман күзеті қызметкерлері оларды сөндіру жұмыстарына дереу кірісті. Нақтыланған жедел мәліметке сәйкес 45 орман өрті толық сөндірілді, 8 өрт оқшауланды. Қалған 2 өрт ошағы тоқтатылып, жағдай толық бақылауға алынды", - деді Экология министрлігі өкілдері.