Бүгінде ел ішінде бір сағаттық уақыт белдеуіне қатысты қызу пікір-талас жүріп жатқаны белгілі. Дәл осы мәселеге қатысты әлеуметтік желіде негізсіз әңгімелер көп айтылуда. Осы ретте Dalanews.kz ақапараттық агенттігіне Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің география және туризм кафедрасының аға оқытушысы Арман Жұмағазиев ойын ортаға салып, пікір білдірді. Енді білікті маманның ой-пайымына назар аударсаңыздар.
– Өткен жылы науырыз айынан бастап кең байтақ Қазақ жері бір сағаттық уақыт белдеуіне көшкені баршаға мәлім. Бұл – ғылыми ортада бір сағаттық уақыт белдеуі UTC−5 деп талады. 24 сағатқа бөліп қарағанда бұл жер шарының 67-82 градустық бойлығын қамтиды.
Дәл осы бойылықта Қазақстан тұрғындарының 76 пайызы мекендейтінін ескерсек, бұл еліміз үшін тиімді уақыт белдеуі екенін байқауға болады. Бір сөзбен айтсақ, осы уақыт белдеуіне көшкеннен кейін ел азаматтарының жұмыс өнімділігін арттырып, уақыт тиімді пайдалана бастаған.
Кейбір адамдардың дәл осы мәселені әңгіме қылып, сөз қуып жүргені маған түсініксіз. Иә, дәл осы мәселеге қатысты қоғамда бірқатар сұрақтардың туындап жатқанынан хабардармын.
Айталық, желіде отырып дәлелсіз, дәйексіз әңгіме айтатындар «бір сағаттық уақыт белдеуі ел азаматтарының денсаулығына кері әсер етіп, халықтың электр қуатын шамадан тыс пайдалануына әкеп соқты» деп әңгіме айтып жүргенін құлағым шалып қалды. Бірақ білікті мамандар еліміз бір сағаттық уақыт белдеуіне көшу ел азаматтарының денсауылғына кері әсер етті деген сөздің ешқандай қисынған келмейтінін әлденеше рет айтты. Сол сияқты электр қуатын бұрынғыдан көбірек тұтындық деген де бос сөз.
Қайта бір сағаттық уақыттық белдеуіне көшудің экономикалық тиімділігін көре бастадық. Қазір еліміздің барлық жерінде жұмыс уақыты бір сәтте басталып, бір уақыттасәтте аяқталады.
Сонымен қатар қаржы, банк және транспорт саласы үшінде дәл осы бір сағаттық уақыт белдеуі тиімділігін көрсетуде. Қазір жолаушылардың бұрынғыдай ұшақ пен пойыздан кешігуі де күрт төмендеген. Халық бір сағаттық уақыт белдеуінің осындай тиімді тұстарын көріп отырмыз, – деп білікті маман Арман Закарияұлы ойын айтып берді.