Ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі жұмысқа жарамды 190 адамға әлеуметтік қолдау көрсетілді. Оның ішінде 25-сі әлеуметтік жұмыс орындарына, 12-і жастар практикасына,17-і қоғамдық жұмыстарға, 33-і қысқа мерзімді кәсіптік оқуға, 3-і кәсіпкерлік негіздеріне оқуға, 100-і деректер қорындағы бос жұмыс орндарымен мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ашылған жаңа жұмыс орындарына жолданды, – деп аудан әкімі Жамантай Қанайұлы журналистермен жүздесуде мәлім етті.
Қазіргі таңда 1065-і оқуын аяқтап, оның ішінде 783-і тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздерге оқытуға 355 адам, шағын несиелеуге 42 адам жоспарланған. Ал қазіргі таңға 139 адам бизнес бастау арқылы кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу курстарын аяқтады, 39 адам шығын несие алды.
Жастар практикасы бойынша жоспар 800 адам. Бекітілген жоспарға сәйкес 203 жұмыс беруші мекемелермен келісім шартқа тұрып, 821 адам жастар практикасына жолданған, оның ішінде 548 адам жұмыстарын аяқтаған, 44 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.