Білім күнінде «Халық» қайырымдылық қоры 600 бірінші сынып оқушыларына мектеп жиынтығын сыйлады

Dalanews 01 қыр. 2020 12:19 853

Биыл дәстүрге айналған «Мектепке жол» ауқымды республикалық акциясының аясында еліміздің әр аймағындағы көпбалалы және жағдайы төмен отбасынан шыққан 600 бірінші сынып оқушылары Білім күнін «Халық» қайырымдылық қоры тарапынан берілген мектеп жиынтығы бар сөмкелермен қарсы алды.

«Халық» қайырымдылық қоры дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) бастамасымен өткізілетін республикалық акцияны қолдайды және ағымдағы жылы мектеп жинағын сатып алуға 10,7 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Қор бірінші сынып оқушыларының ыңғайлы білім алу үшін және ата-анадарына қолдау көрсету мақсатында кеңсе тауарларынан бастап барлық қажеттіліктері ескеріле арнайы жиынтық жасалып, үлестірілді.



Сөмкелерден және керекті кеңсе тауарларынан (дәптерлер, қаламдар, қаламсаптар және т.б.) тұратын «Халық» қайырымдылық қорының мектеп жинақтары жергілікті атқару органдары мен білім беру басқармалары берген тізімге сәйкес таратылды.  Соңғы 5 жылда «Халық» қоры осылайша аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 4000-нан астам бірінші сынып оқушыларын мектепке дайындады, осы мақсатқа «Халық» қоры 54 миллионнан астам теңге бөлді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар