Бестөбедегі шахтада тағы да қайғылы жағдай: екі адам қаза тапты

Бестөбедегі шахтада тағы да қайғылы жағдай: екі адам қаза тапты
Фото: depositphotos.com

Ақмола облысындағы Бестөбе кенішінде тағы бір қайғылы жағдай болды. 19 мамыр күні “Қазақалтынға” қарасты “Центральная” шахтасында екі адам қаза тапты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алдын ала ақпарат бойынша, ер адамдар жұмыс істемейтін шахта бөлігіне кірген кезде үстіне тау жынысы опырылып түскен. Оқиға шахтаның 610-горизонтында болған. Құтқарушылар дереу жеткенімен, екі адамның да өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Ақмола облысының полиция департаменті аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазір тергеу жүріп жатыр.