Бесқарағай ауданы туризмге айрықша көңіл бөлуде

Dalanews 16 қаз. 2019 13:07 1367

Шығыс Қазақстан облысы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бесқарағай ауданы әкімі Дәулет Батырбаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, алдағы уақыттағы жоспарлары жайында журналистерге кеңінен әңгімелеп берді.

Аудан әкімі журналистермен жүздесуде Бесқарағай ауданында туризм саласын дамытуға айрықша көңіл бөлініп отырғанын алға тартты. Аудан туризм саласын дамытуға өте қолайлы. Бүгінде ауданның тұмса табиғаты туристердің қызығушылығын оятып отырғаны белгілі.

Өз кезегінде аудан әкімі «Шошқалы» көлі маңында емдік-сауықтыру кешенін ашу ісі қолға алынғанын жеткізді. Аталмыш көлдің маңында адам денсаулығына пайдалы батпақтары туризмді дамытуға мүмкіндік береді.


Алдағы уақытта әкімдік «Шошқалы» көлі маңында туристердің демалып, денсаулықтарны түзеуі үшін қажетті жағдайлардың бәрін жасалатынын алға тартты. Бұдан басқа «Семей Ормандары» мемлекеттік орман қоры есібенен туристерге қызмет көрсететін маңызды нысандарда салынатынын аудан әкімі алға тартты. Алдағы уақытта орман ішінен туристер үшін шағын қонақ үй, волейбол алаңы, өзге де демалыс орындары салынбақшы.

Сонымен қатар Бесқарағай ауданы әкімдігі «Шошқалы» көлінің жағалауын тазарытып, демалыс орнына айналдыруды көздеп отыр екен. Бүгінгі таңда жергілікті билік орындары Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне 2019-2020 жылдары «Шошқалы» көлі маңына дейін электр желісін тарттып, көл жағасын абаттандыруға қатысты инвестициялық ұсыныстарын өткізіп қойыпты. Осылайша әкім Бесқарағай ауданы ауданның табысын еселеуде туризимге айрықша көңіл бөліп отырғандарын  жасырмады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар