Англияның «Бёрнли» клубының бас бапкері Ники Хайен Қазақстан құрамасының ойыншысы Дастан Сәтбаевтың жарақатынан айығып келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бельгиялық маман бұл туралы Чемпионшиптің 7-туры қарсаңындағы баспасөз мәслихатында айтты. Оның сөзінше, қазақстандық футболшы халықаралық үзіліс кезінде толық қалпына келіп, команда сапына қайта қосылуы тиіс.
«Дастан Сәтбаев халықаралық үзіліс кезінде қатарға оралады. Қазір ол біздің бақылауымызда. "Челси" клубының өкілдері келіп, дәрігерлерімізбен бірлесіп жұмыс жүргізді. Нәтижесінде футболшының мүмкіндігінше тез әрі қауіпсіз түрде алаңға оралуына бағытталған оңалту бағдарламасы әзірленді», – деді Ники Хайен.
Айта кетейік, алдағы уақытта Қазақстан құрамасы жаңа бас бапкер Джон ван’т Схиптің жетекшілігімен Ұлттар лигасындағы алғашқы ойындарын өткізеді.
26 қыркүйекте ұлттық құрама сырт алаңда Фарер аралдарымен кездессе, 29 қыркүйекте Словакиямен ойнайды. Кейін 2 қазанда өз алаңында Молдованы қабылдап, 6 қазанда Фарер аралдарына қарсы тағы бір матч өткізеді.