Берденовтің қызметінен босатылғаны рас па? Шымкент әкімдігі түсініктеме берді

Қаракөз Амантай 26 там. 2025 09:45

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің қызметінен босатылғаны туралы ақпаратты растай алмады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әкімдіктегілер бұл мәліметке қатысты нақты жауап бермеуін Берденовтің ресми түрде еңбекке жарамсыздық парағында, яғни ауруханада емделіп жатқанымен түсіндірді.

Айта кетейік, бұған дейін интернет кеңістігінде Руслан Берденовтің Шымкент әкімі орынбасары қызметінен босатылғаны туралы ақпарат тараған еді.

Руслан Берденов бұл қызметке 2025 жылғы ақпанда тағайындалды. Алайда 21 сәуір күні оған қарулы шабуыл жасалды. Шенеунік оқ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.

Сот үкімі бойынша күдікті деп танылған Ернар Жиенбайға 9 жылға сотталды.

Еске салайық, мемлекеттік айыптаушы бұрынғы шенеуніктің орынбасарына 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді. Берденов бес оқ жарақатын алып, ота үстеліне түскен болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар