АҚШ-та бензинмен жүретін көліктерге қатысты талаптар жеңілдетілді. Үлкен мұнай және өнеркәсіп компаниялары бұл қадамды ашық қолдап отыр. Дональд Трамп Джо Байден кезеңінде күшейтілген отын үнемділігі стандарттарын қайта қарауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұрынғы қатаң талаптар автоконцерндерді электр көліктеріне көбірек қаржы салуға итермелеген. Енді жаңа өзгерістер отынды көп тұтынатын көліктерді сатуды жеңілдетпек.
Трамп әкімшілігі бұған дейін де электромобильдерге берілген жеңілдіктерді тоқтатып, кейбір таза энергия жобаларын жапқан.
Соған қарамастан, барлық автоөндіруші бұл жеңілдікті пайдалана беруге асықпайды. Мысалы, General Motors отын шығыны мен зиян шығарындыларды азайтуға бағытталған жобаларын жалғастырмақ. Дегенмен компанияның толық электр көліктеріне көшу мерзімі әлі нақтыланбаған.
