Баспасөз – хабарламасы
Халықаралық форумның өткізілуі туралы
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ
2025 жылғы 30 қыркүйек - 1 қазан аралығында
«Белсенді ұзақ өмір: тәжірибе мен мүмкіндіктері»
тақырыбында халықаралық форум өткізеді.
Форумның мақсаты:
Белсенді ұзақ өмір сүруді қамтамасыз ету саласындағы тәжірибе мен озық практикалармен алмасу, қазіргі заманғы технологиялар, инновациялық тәсілдер мен қарт адамдарды қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды талқылау.
Қарт азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдарды әзірлеу.
Аталған форумға қарт адамдарды әлеуметтік қолдау, ұзақ өмір сүру, тәжірибе алмасу және озық тәжірибелерді енгізу мәселелерін талқылайтын халықаралық алаң болмақ.
Форумға шетелдік қонақтар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері, басқа өңірлердегі белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының, қоғамдық бірлестіктердің басшылары және басқа да мүдделі тараптар қатысады.
Іс-шара аясында қатысушылар Алматы қаласы мен Алматы облысындағы белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының қызметімен, Алматы қаласындағы ЖОО-ларда жүзеге асырылып жатқан «Күміс университеттер» жобаларымен танысады. Сонымен қатар, қонақтардың назарына қызмет алушылардың қолданбалы қолөнер бұйымдарының көрмесі мен шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуі, шеберлік, ашық сабақтар ұсынылады.
Құрметті БАҚ өкілдері! Қарт азаматтардың әлеуметтік мәселелерін жариялауға қолдау білдіресіздер деген сенімдеміз. Бұл халықаралық байланысты нығайтып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Өткізу күні мен уақыты: 2025 жылғы 30 қыркүйек, сағат 10:00
Өтетін орны: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, кітапхана ғимараты. Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71/27
2-күн — 2025 жылғы 1 қазан - Алматы облысы белсенді ұзақ өмір орталығы, Есік қаласы
Байланыс тұлғасы: Зина Сайлауовна тел: +7 701 313 2544