Алматының тау бөктерінен өрт шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
ТЖД мәліметінше, Бостандық ауданында таулы аймақта шыққан өртті сөндіруге жедел жиынтық күштері мен құралдары жіберілді.
Бүгін сағат 18:43-те Бостандық ауданы, Ерменсай ықшамауданындағы таудың етегінде жанған құрғақ шөпті сөндіруге жедел жасақ жұмылдырылған.
Өртті сөндіру келесі факторларымен күрделенуде:
— оттың жылдам таралуына себепкер болған қатты жел
— таулы аймақтың күрделі бедері
— және түнгі уақыттың түсуі
Құтқару бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.