Қазақстандық белгілі журналист әрі спорт комментаторы Ғалым Сүлеймен қайтыс болды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Тараған ақпаратқа сәйкес, Ғалым Сүлеймен бір күн бұрын денсаулығы күрт нашарлап, шұғыл түрде жансақтау бөліміне жеткізілген. Кейін журналистің жүрегі сыр бергені хабарланды.
Ғалым Сүлеймен қазақстандық спорт журналистикасында ұзақ жыл еңбек еткен тәжірибелі мамандардың бірі еді. Ол түрлі деңгейдегі жарыстардан репортаж жүргізіп, спорт тақырыбындағы сараптамаларымен көрермен мен оқырманға жақсы таныс болды.
Әсіресе бокс пен күреске қатысты пікірлері, спортшылардың өнеріне жасаған талдаулары көпшіліктің назарын аударып келген.
Сондай-ақ журналист халықаралық және құрлықтық деңгейдегі бірқатар спорт додасын комментатор ретінде жүргізіп, отандық спорттың насихатталуына үлес қосты.
Дереккөз: Sportinside.kz