Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан ақын Жүрсін Ерман мен әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің кездесуі түсірілген бейнежазбаға қатысты өз ойын бөлісті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Өнер иесі ақын Жүрсін Ерманның отандық мәдениет пен ұлттық өнерге қосқан орасан зор үлесін ерекше атап өтті. Сонымен бірге, ол оқырмандарды оқиғаның мән-жайын толық түсінбей тұрып, асығыс әрі біржақты баға бермеуге шақырды.
"Бәрі бітті, енді Жүрсін аға қалды ма? Қазақ өнерін Жүрсін ағамыз секілді түсінетін адам аз. Ағамыз соңғы кезде ауырыңқырап жүр. Аға, 100 жасаңыз. Көп парақшаларға айтарым, көрінген жаңалықтардың ақ-қарасын ажыратпай тұрып, 40-50 жыл ел үшін еңбек етіп жинаған абырой-беделін төкпейік. Керісінше, "ағамыздың жасын берсін Димашқа" деп неге жазбайсыздар?" – деп жазды Тұрсынбек Қабатов.