15 шілдеде өткен үкіметтегі баспасөз мәслихатында Премьер-министр Олжас Бектенов өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) басшысы ретінде тағайындау мүмкіндігі туралы тарап кеткен қауесеттерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Журналистер Олжас Бектеновтен ҰҚК-ны күшейту жоспарланып жатқаны және бұл ведомствоны өзі басқаратыны туралы ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын сұрады.
“Бұл жай ғана қауесет. Біз үкіметте жұмыс істеп жатырмыз, ал егер мемлекет басшысының сенімі болса, үкімет құрамында жұмысымды жалғастырамын”, – деді Олжас Бектенов.
2025 жылғы 30 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы қайта ұйымдастырылған болатын.