Бектенов - Қазақстанның жаңа премьер-министрі

Сағыныш Сардарова 06 ақп. 2024 15:19 8045

Олжас Бектенов - Қазақстанның жаңа премьер-министрі, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Бектенов 43 жаста, бұған дейін Президент әкімшілігінде, Антикорда лауазымды қызметтер атқарған.

Мәжіліс депутаттары да ҚР премьер-министрі лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын қолдады. Талқылау барысында Мәжілістегі фракция төрағалары AMANAT партиясы ұсынған кандидатураға дауыс берді.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесуінде Конституцияның 44-бабына сәйкес премьер-министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасы жөнінде фракция басшыларымен кеңесуге тиіс екенін айтты.

Талқылауға "Amanat" партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, "Ақ жол" партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов, "Ауыл" партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев, "Respublica" партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Ходжаназаров қатысты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар