Қалада СОVID-19 штаммдарын анықтаудың жаңа жедел ПТР-скринингі әдістемесі енгізілді.
– Біздің елімізде штаммдарды бақылау жүйесі бар, біз жүйелеу оларға мониторинг жүргіземіз. Наурыз айының соңында Алматыда коронавирустың «британдық» штамм айналымының 77%-ы анықталды, мамыр айының соңында бұл көрсеткіш 84%-ға дейін өсті. Осы аптада біз «британдық», «үнділік», «бразилиялық», «даниялық» және «вьетнамдық» штаммдар бойынша жұмыс істей бастадық, – деді Ж. Бекшин.
Алматының Бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, бұл штаммдар аса жұқпалы әрі ауру өте ауыр түрде болады. Қалада «британдық» штаммды жұқтыру жоғары, қала тұрғындары «уханьға» қарағанда осы шаммды екі есе жиі жұқтырады.
Жандарбек Бекшин бұл ақпараттың қаладағы эпидемиологиялық жағдайға дұрыс әрі жедел назар аударуға, дәрі-дәрмек қорын құруға, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуге мүмкіндік беретінін айтты.
Сондай-ақ спикер Алматыда бес штамм бойынша қазірдің өзінде 31 зерттеу жүргізілгенін айтты.