Естеріңізде болса, жақында режиссер Бекмамбетов отандық кинолардың билет құнын арзандату жөнінде бастама көтерген еді. Оны естіген Адамбай әріптесіне қарсы шықты. Мұндай қадамның өз абыройымызға нұқсан келтіретінін мәлімдеген ол Бекмамбетовке ашық түрде шабуылдаған-ды.
Ол кезде Нұртас Адамбай: «Отандық фильмдердің билет бағасы қанша тұру керектігін айтатындай, Тимур қанша қазақстандық фильм түсіріп еді? Мұндай ойларын неге ол Ресейде айтпайды?» – деген еді.
Ал бүгін Бекмамбетовтің өзімен танысқан ол:
«Тимур Бекмамбетовпен танысқаныма қуаныштымын. Өте жақсы әрі ерекше азамат. Қазақстаннан тыс аумақта үлкен жетістікке жеткен алғашқы отандық режиссер. Құрметтеймін», – деп жазды.
Желі оқырмандары жуырда ғана «айқасқа» түскен режиссерлердің бұл қылығын түсінбей қалды. Олардың көпшілігі билет құны мәселесінің шешілген-шешілмегенін сұраумен әлек болды.