Bek Air апаты: сот үкімді өзгеріссіз қалдырды

Көркем Алдабергенова 24 ақп. 2026 15:42

Bek Air апатына қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2019 жылы Алматы қаласында Bek Air әуе компаниясының Fokker 100 ұшағы Астана бағытына ұшып бара жатып апатқа ұшырады. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай биіктігін жоғалтып, әуежай маңындағы қоршауды бұзып өтіп, тұрғын үйге соғылған. Бортта болған 98 адамның 12-сі қаза тапты.

2025 жылдың қарашасында сот ұшқыштарды әуе қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін кінәлі деп танығанымен, жаза тағайындаған жоқ. Себебі екі ұшқыш та апат салдарынан қаза болған.

Мемлекет сот шығындарын өтеу үшін 1,7 млн теңге төлейді. Әуе компаниясының мүлкіне салынған тыйым сақталады, азаматтық талап-арыздардың жалпы сомасы 4,8 млрд теңгені құрайды. Апелляциялық сот бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove