"Базарға кеткен, содан жоқ". Ақтөбелік отбасы 27 жыл бұрын жоғалып кеткен ұлын әлі күтіп жүр

"Базарға кеткен, содан жоқ". Ақтөбелік отбасы 27 жыл бұрын жоғалып кеткен ұлын әлі күтіп жүр
almaty.tv

Ақтөбелік отбасы 27 жыл бұрын жоғалып кеткен ұлын әлі күтіп жүр. Руслан есімді жігіт 1999 жылы көктемде ғайып болып, содан бері мүлде хабарсыз кеткен, деп хабарлайды dalanews.kz Аlmaty.tv-ға сілтеп.

Сабыровтар отбасы 1999 жылы 22 наурызда тағдырдың тәлкегіне түскен. Өйткені дәл сол күні ұлы жоғалған. Руслан үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Сол уақытта 30 жаста болған жігіт шаңырақ көтеріп, жеке кәсібін де дөңгелете бастаған.

"Біз үйде болған жоқпыз, өйткені менің анам ауырып, соған кетіп қалғанбыз. Балалар үйде қалды. Екі қыз бен өзі. Ал келіншегі анасының туған күніне кетіп қалыпты. Үлкен қызым базарға жіберген, содан жоқ", - деді Русланның анасы Алмаш Сабырова.

Осыдан соң жоғалған азаматтың жақындары іздестіру жұмыстарын бастаған. Полицияға хабар беріп, Русланды іздеу үшін республиканың өзге де өңірлеріне аттанған. Көріпкелдерге де барып, тірі екенін естіген. Ал полиция бұл істі 27 жыл өтсе де әлі жаппаған.

"Ақтөбе облысы Полиция департаменті 1999 жылы жоғалған Сабыров Руслан Шамшадинұлын іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Азаматтың қайда екені әлі белгісіз", - деді Ақтөбе облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов.