Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасығышы Ресейдің "Электро-Л" метеорологиялық жер серігін ғарышқа алып ұшты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ұшырылым кестесіне сай, үдеткіш блогы бар бас бөлік зымыранның екінші сатысынан шамамен 10 минутқа жетпейтін уақытта ажырады. Ал жер серігін белгіленген геостационарлық орбитаға шығару бірнеше кезең арқылы жүзеге асып, шамамен 7 сағатқа жуық уақыт алды.
"Электро-Л" - жаңа буындағы бесінші метеорологиялық жер серігі. Бұған дейін осы сериядағы аппараттар 2011, 2015, 2019 және 2023 жылдары ұшырылған еді.
Жер серігі ауа райын болжауға, климат өзгерістерін бақылауға, магнитосфераны зерттеуге және төтенше жағдайларды қадағалауға қызмет етеді. Ол көрінетін және инфрақызыл диапазонда түсірілім жасап, әр жарты сағат сайын деректер жіберуге қабілетті.
Ғарыш аппаратының салмағы 2 тоннадан асады, ал жоспарланған қызмет мерзімі - 10 жыл.
