Байқоңырда бухгалтер 1,5 жыл ішінде 30 миллион теңге жымқырған

Азамат Қойшығара 05 ақп. 2024 10:06 2659


Байқоңыр қаласындағы кәсіпорындардың бірінің есепшісі жұмысшылардың жалақысын қасақана "өсіріп", артынша оны өзі жинап алып келген, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Бухгалтер қызметкерлерге жалақысынан көбірек аударған. Кейін жүйеде ақау болғанын айтып, ақшаларын қайтаруды талап етеді. Осындай алаяқтық арқылы есепші бір жарым жыл ішінде 6,4 миллион рубль (32 миллион теңге) пайда көрген.



"Күдікті Қазақстан азаматы болғандықтан, кешен прокуратурасы қаладағы қазыналық кәсіпорындардың бірінің есепшісіне қатысты қылмыстық істі жолдады. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 159-бабының 4-тармағы “Адамның қызметтік бабын пайдаланып жасаған алаяқтық” бойынша іс қозғалды”, – деп жазды прокуратурадан.



Әйел алаяқтық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, он жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар