Бәйдібек ауданында «Есіктен есікке» акциясы жалғасуда.

Dalanews 07 қаң. 2021 17:57 1012

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы «Nur Otan» партиясы атынан Бәйдібек аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Салтанат Байзақ, Жанар Бауыржанқызы Ағыбет ауылы тұрғындарымен кездесіп, саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасын таныстырып насихаттады.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың 7 басым бағыттарының негізі етіп айқындалған жұртшылыққа жеткізді. Басты мақсат – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту болып табылады. Алдағы 5 жылда жүзеге асатын жоба-жоспарларды жіті түсіндірді.

«Nur Otan» партиясы бес жыл ішінде «Экономикалық тұрақты аудан», «Ыңғайлы аудан», «Әлеуметтік қызметке бағдарланған аудан», «Жастарға арналған аудан», «Тарих пен мәдениетті дамыту», «Ашық және есеп беретін жергілікті органдар» және «Қауіпсіз аудан» бағыттары жұмыс істеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін бермекші.

Кездесу соңында ақ жаулықты анамыз отбасымен бірге «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндіктерін жеткізді.

(Материал ақысы Бәйдібек ауданындағы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді)

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар