Баян Есентаева ауруханадан шығарылды

Dalanews 19 мау. 2016 22:44 741

Танымал продюсер Баян Есентаева ауруханадан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Науқас Баян Есентаева ауруханадан шығарылды. Ендігі емін үй жағдайында қабылдайды. Жағдайы қанағаттанарлық", - деп хабарлады аурухананың емдеу ісі жөніндегі директорының орынбасары Ербол Сәрсенбаев.

Еске салайық, белгілі продюсер Баян Есентаева Талғар аудандық орталық ауруханасына 10 маусым күні жеткізілген болатын. Болжам бойынша, оның күйеуі - Бақытбек Есентаев Еңбекші ауданындағы Құлжа тас жолының бойында оны соққыға жығып, пышақ жарақатын cалған. Ер адам екі айға қамауға алынды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар