Бас жүлде - 10 мың еуро: TikTok қазақстандықтарды байқауға қатысуға шақырады

Көркем Алдабергенова 26 ақп. 2024 12:33 1042

TikTok Қазақстан авторларынаөз шеберліктерін көрсете отырып, осымен үш жыл қатарынан Канн кинофестивалінің аясында өткізіліп келе жатқан #TikTokShortFilm байқауына қатысуға, сондай-ақ өздерінің қысқа фильмдерін «Қазақстандағы үздік фильм» және «Қазақ тіліндегі үздік фильм» номинацияларына ұсына алатын арнайы жергілікті байқауына қатысуға мүмкіндік береді.

TikTok –бұл креативті қауымдастықтың, киноиндустрия өкілдері мен киносүйер қауымның басын қосып, тақырыптық контент бөлісуге мүмкіндік беретін тамаша алаң. Сонымен, 2022 жылы TikTok Қазақстан авторларыоның аясында қысқа бейнебаяндар форматында көркем фильмдер түсірген қысқа фильмдер байқауы – #ТикТокКиноАкадемия жобасын іске қосу үшін танымал режиссер Тимур Бекмамбетовпен қоса,Қазақстандағы жергілікті киноиндустрия қайраткерлерімен бірікті.

#TikTokShortFilm

Tiktok Канн кинофестивалінің ресми серіктесі ретінде(TikTok-та @festivaldecannes),  #TikTokShortFilm байқауын ұсынады. Бұл байқау  авторларға бүкіл әлем бойынша миллиардтан астам адамға өз шығармашылықтарымен бөлісуге мүмкіндік береді.

2024 жылдың 21 ақпанынан бастап – 15 наурызға дейін Tiktok Қазақстан авторларын 55-тен астам елді біріктіретін байқауға қатысуға шақырады. Байқауға қатысу үшін ұзақтығы бір минуттан асатын, байқау шарттарына сай келетін түпнұсқа бейнероликті тікелей жариялау қажет.

55 елдің қатысушылары арасынан үш санат ішіндегі жеңімпаздарды («Бас жүлде», «Үздік сценарий»,«Үздік режиссерлік жұмыс») беделді қазылар алқасы таңдап алады, ал кейінірек өз жұмыстарын ұсынып, жүлделеріналу үшін Каннда (Франция) өтетін 77-ші Канн кинофестивалінің #TikTokShortFilm салтанатты марапаттау рәсіміне шақырылады. «Бас жүлде» номинациясының жеңімпазы 10 000 евро көлеміндегі ақшалай сыйлықты, ал қалған екі номинация жеңімпаздары өздерінің болашақ шығармашылық жұмыстарын іске асыруға қолдау ретінде 5000 евро алады.

Қазақстандық қысқа бейнефильмдер байқауы

Tiktok арнайы Қазақстан авторлары үшін дәл сол күндері өтетін жергілікті қысқа бейнефильмдер байқауының бір бөлшегі болудыңтамаша мүмкіндігін де ұсынады. Қатысушылар екі номинацияның жүлдесі үшін жарысқа түседі–«Қазақстандағы үздік қысқа фильм» және «Қазақ тіліндегі үздік қысқа фильм». Байқау жеңімпаздары Каннға баруға және атақты кинофестивальға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Бастама Қазақстанның Мәдениет және Ақпарат министрлігі қолдауымен өтіп жатыр.

Бастаушы режиссерлерге арналған алаң

TikTok қауымдастығының ойын-сауық және киноиндустриямен өзара байланысы #TikTokShortFilm біріктіретін қоғамдастықтың өсуінен көрініс тауып отыр. Өткен жылы осы хэштегтің аясында 2 миллионнан астам бейнеролик жасалды –2022 жылмен салыстырғанда өсу 180%-ға жуық болды.

TikTokShortFilm  2022 жылы іске қосылғаннан бері TikTok-тың жаңадан келгендер үшін баспалдақ, ал киноиндустрияның қалыптасқан қайраткерлері үшін жаңа платформа ретіндегі рөлін нығайтуға көмектесті.#TikTokShortFilm көптеген авторларға  өздерін ойын-сауық индустриясында жарқырата көрсетіп, әуесқойлықтарын нағыз мансапқа айналдыруға мүмкіндік берді.

Love in Plane Sight атты фильмімен #TikTokShortFilm Бас жүлдесін жеңіп алған Матей Риманич индустрияның жаңа мүмкіндіктерін ашу үшін креатор болуға кезкелгенді шабыттандыра алады. «TikTok-та бейнероликтер жасауды бастаған сәттен, бізде таңғажайып дүниелер орын алып бастады. Мен Словенияда TikTok-тыңірі туристік бастамасын ұйымдастыру мүмкіндігінежәне Адриатика аймағындағы ең үлкен TikTok-контентін жасау барысында Dunking Devils Studios агенттігінде лауазымға ие болдым. Мен әркімге өзін креатор ретінде сынап көруді ұсынамын –және сол кезде сізге жаңа мүмкіндіктер әлемі ашылады».

Кинематография әлеміне жол

Кино әлемі TikTok платформасында кәсіби мамандар мен әуесқойларға да өз ойларын ортаға салатын, оқиғаларымен бөлісіп, мүдделестер табуға мүмкіндік беретін үйлесімге ие.Tiktok-қа халықаралық және жергілікті кино жұлдыздар, дубляж актерлері, каскадерлер, режиссерлер мен басқа да киноиндустрия өкілдері өз өмірлері мен жұмыстарындағы сәттерімен бөлісу үшін келеді. Мысалы, атақты қазақстандық актерлер – Санжар Мәди @sanjarmadi, Әсел Сағатова @assel_sagatovaмен Тәуекел Мүсілім @mussilim_official. TikTok-та кино туралы ғана емес,жеке өмірлері, саяхаттары және немен әуестенетіндіктері жайлы баяндады. Қазақ батырларының рөліне жиі түсетін Асылхан Төлепов @tolepovassylkhan аудиторияға спорттық дайындық сырларымен бөліседі. Ал Қазақстанда ғана емес, елден тыс жерлерде танымал актер Берік Айтжанов @berik_aitzhanov отандық киноның дамуы туралы айтып, казақ мәдениеті мен киноөнерінің танымал бола түсуіне ықпалын тигізеді.

Tiktok бүкіл әлемдегі талантты жандарға қысқа тікелей бейнеролик форматындағы креативті сторителлингпен бөлісудің жаңа да оңай тәсілін ұсына отырып, барлық ойын-сауық индустриясына оң ықпалын тигізіп және дамуына септеседі.

TikTok туралы

TikTok – бұл қысқа бейнебаяндар жасауға арналған жетекші қосымша. Біздің мақсатымыз – адамдарды шығармашылыққа шабыттандырып, бақытқа бөлеу.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x