Банкир Ержан Тәтішевті өлтірді деп айыпталған Мұратхан Тоқмәди колонияда ашық есік күнін жасап, концерт ұйымдастырған, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы Тоқмәдидің қызы Зере Шәкерхан әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Оның сөзінше, Мұратхан Тоқмәди немерелерін алғаш рет көрген.
"Сенбі, әкем ұйымдастырған ашық есік күні менің балаларым аталарын алғаш рет көрді. Өте жылы кездесу болды. Қазақстандағы ең ірі ішыны зауытының иесі менің әкем 7 жылдан бері түрмеде жазықсыз отырғанын бәрі біледі. Себебі "біреу" оның тұрмеде отырғанын қалады. Біраз әңгіме айтылды,сұхбат та берілді. Бәрі бір нәрсені түсінді - оның кінәсі жоқ!" , - дейді Зере Шәкерхан.
Ол түрмеде бәрі Мұратхан Тоқмәдиді сыйлайтынын айтады.
"Ол - авторитет,көшбасшы. Ол лагерьде ашық есік күндерін үш рет ұйымдастырған. Нұрлан Абдуллин, Айжан Нұрмағамбетова, Парвиз Назаров секілді әншілерді шақырып концерт ұйымдастырып, досы Талғат Қожахметов және басқа да кәсіпкер достары келген", - дейді Зере.
Айта кетейік, Мұратхан Тоқмәди банкир Ержан Тәтішевті өлтірді деп айыпталып, 10,5 жылға сотталған болатын. Тергеу мәліметінше, Тәтішевті өлтіруге Мұхтар Әблязов тапсырып берген. Ал Әблязов Тәтішевтің өліміне қатысы жоғын, ал Тоқмәдимен жеке таныс емес екенін айтқан болатын.