Сонда олар Халық банкті бақылауға мүмкіндік беретін 51% акцияны өздерінде қалдырады. Ал қалған 49% акция жеке инвесторлардың қолында болады және ашық нарықта әрі-бері сатылып жүре береді.
Бұл өте ақылды стратегия екенін айта кеткен жөн. Халық банкі акцияларын бүкіл әлем бойынша түрлі инвесторлар ұстап отырғандықтан оның халықаралық компания статусы бар.
Демек банкке "Жаңа Қазақстан" билігі тиісе алмайды. Ал "Алмэкс" банк пайдасынан 51% дивиденд алып отырады. Яғни, банк негізгі қожайындарына пайда әкелуін жалғастыра береді.
2021 жылдың қорытындысы бойынша Халық банк Тимур мен Динара Құлыбаеваларға 96 милллиард теңге пайда алып келді. 2022 жылдың кірісі одан да көп болады деп болжанып отыр. Оған қоса, банктің 18,1% акциясын сату олардың байлығын еселеп жіберетіні сөзсіз.
Айтпақшы:
Назарбаев Ресейден банк сатып алды! Экс-президенттің назары Ресейге ауып отыр. Себебін, білгіңіз келсе мына сілтемеге өтіңіз: t.me/dalainside/1110
https://dalanews.kz/del-qazir/85918-qangtar-oqigasy-auezhayga-asyqqan-dari