Бұл байқаудың мақсаты-кәсіби шеберлікті, білімді, іскерлікті және дағдыларды арттыру, сондай-ақ ұжымда салауатты бәсекелестікті қалыптастыру.
Құрамына ШҚО ПД Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы, Кадр саясаты басқармасы, Жергілікті полиция қызметі басқармасы басшылары кірген қазылар алқасының қорытындысы бойынша үздік инспекторлар болып- полиция аға лейтенанты Шалғынбаева Қымбат Нұрғалиқызы (Семей қ.ПБ Затон ПБ ЖПҚБ) және полиция аға лейтенанты Ақатов Азамат Кайрашұлы (Жарма АПБ ЖПҚБ) танылды. Олар заңнаманы білу, дене шынықтыру және атыс дайындығының кәсіби шеберлігі бойынша конкурстан өтті. Жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды.
Байқаудың өзі үш кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең - аудандық, екінші кезең - өңірлік. Одан кейін байқау жеңімпаздары үшінші - республикалық кезеңге өтеді.
Қазіргі уақытта аталған қызметкерлер ҚР ІІМ-не баруға дайындалуда.
Айта кетсек, республикалық байқауда жүлделі орындарға ие болған қатысушылар ішкі істер министрінің құқықтарымен марапатталып, жеңімпазға Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының "2021 жылғы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі полицияның үздік учаскелік инспекторы" атағы беріледі.