Жалпы 2025 жылға дейін өңірде жаңартылатын көздерден өндірілетін электр энергиясының үлесі 1,9-дан 7,2 пайызға дейін артпақ.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов биыл қуаты 25 МВт Тұрғысын ГЭС-1 пайдалануға берілетінін айтты.
Бұл баламалы энергия көздерін дамытуда ғана емес, өңір тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға жасалған маңызды қадам. Баламалы энергетиканың тағы бір табысты мысалы ретінде Жарма ауданындағы күн электр станциясының жұмысын айтуға болады.
Жалпы, өңірде мұндай мәселелерге үлкен көңіл бөлініп, жобалар облыстық және республикалық деңгейде қолдау табуда.